Жылнамалар беттерінде тайпалардың мүлде жаңа бұрын таныс емес атаулары көріне бастайды. Көбінесе олар өздерінің атақты рубасыларының атын алған. Мысалы, XIII–XIV ғғ. қайнаркөздерінде Таз немесе Йаглыбай (Жагалбай) сияқты Алтын Орда тарихындағы көрнекті тұлғалардың есімдері аталады, ал сәл кейінірек солармен аттас рулар мен тайпалар шығады. Біздіңше, бұл жәй ұқсастық емес. Шексіз полигамия жағдайында ақсүйек өкілдерінің балдары көп болған, тіпті кейбір бектерде жүзге тарта немере мен шөберелері болған, кейін олар жаңа ру құрап, оны атасының атымен атаған. Және тек Ақ Орданың ханы өлген соң, оның ұлы Урус таққа отырып, енді өз ақшасын шығаруға жарлық берді. Осы сәттен бастап Урус оны түсіне қоймаса да, жаңа мемлекеттің тарихы басталды. Ақша шығару ол үшін өзінің Сарай тағына көз салғанын көрсету еді. Бірақ ол Батухан империясын қанша тудырғысы келгенімен, оған оның өзі де, ұрпақтары да қол жеткізе алмады. Қалай Ақ Орда өмір сүруге тиіс болса, Алтын Орда қаза табуға тиіс еді (яғни, қаза тапқан Жошы ұлысы, кең мағынадағы Алтын Орда болатын, ал Ақ Орда, немесе тар мағынадағы астана ретіндегі, Алтын Орда және біртұтас елді басқару иелігі Көк ордадағы Жошы ұрпағына көшті). Тағы бір айта кететін жайт, тарихшылар арасында Урус ханның шығу тегі жөніндегі мәселеге бір көзқарас жоқ. Кейбір ғалымдар оны Орду Еженнің емес, оның інісі Тука Тимурдың баласы деп санайды. Оның дәлелі ретінде Шыңғыс ұрпақтарының ортағасырлық шежірелері келтіріледі. Әйтсе де, қашан және қалайша Тоқа Темір ұрпағы Сығнақтағы билеуші династияны ауыстырды деген сауалға жауап жоқ. Қан-төгіссіз саяси күрестен зор және ықпалды кланды алып тастау мүмкін емес. Бірақ Орду Ежен үйінің ханзадалары өлтірілсе, ол көрінбей, сөзге ілінбей қалмас еді. Саяси оқиғаларды баяндайтын жазбаша қайнаркөздер Шығыс Дешті Қыпшақтағы билік Орду Еженнің ұрпақтары қолында қалғанын растайды. Урус ханның шығу тегі жөнінде мүмкін сақталмаған қазақ шежірелері де баяндаған шығар. Ең кемінде, М. Тынышпаев сияқты, XIX ғ. аяғы – XX ғ. басындағы төрелердің ең білімді бөлігімен араласқан зерттеуші былай деп жазған: «қазақтарда, әсіресе шыңғыс ұрпақтарында бір хан Ежен деген жөнінде естеліктер қалған (кейбір төрелер тіпті оны өздерінің арғы атасы санайды, ал Тука Тимурды олар мүлде білмейді». Егер Орду Ежен ұрпақтары Дешті Қыпшақтағы өз билігін сақтай алса, олар Батухан ұрпағы біткеннен кейінгі ең іргелі тармақ беделіне ие болған. Ордуидтердің хан титулына лайық екені ешкімде күмән тудырмады. Және бір жағы осыдан кейін жылнамашылар Қазақ хандығы деп атап кеткен Ақ Орданың тарихы Алтын Орда қирандыларында пайда болған өзге көшпелі ұлыстардың тарихымен салыстырғанда таң қаларлық түрде өте ұзақ боп шықты».
Автор Р. Темиргалиевтің Қазақ хандығының негіз қалаушы атасы Урусханның шығу тегінің Жошының үлкен ұлы Орду Еженнен тарайтынына сенім білдіргенін аса құнды санайтынын атап өткісі келеді. Бұл қазақ халқының тарихына және мемлекеттілігіне біртұтас негіз және логика береді.
Р. Темиргалиев өзіне үлкен жауапкершілік алып, Өтеміс қажының «Шыңғыснамесінің» шынайы дүние екеніне күмәнмен қарайды. Бұл өте қызық, дәл осы қайнаркөзді В.П. Юдин сияқты өте беделді, ешкімге ауыз аштырмайтын тарихшы жоғары бағалаған еді. Кейін С. Акимбеков өзінің зерделуі жөніндегі жарқырақ «Далалар тарихы» кітабында Юдин, Абусеитова және өзге зерттеушілердің Урус ханның Жошының бірінші ұлынан емес, он үшінші ұлы Тока Тимурдан туды деген қауесетті тек күмәнға ғана алады.
Т. Султановтың пікірін қоштап, Акимбеков: «сол қанат хандары Чимтай, Баян, Құйыншы, Сасы Бұқа өзге қайнаркөздерден белгілі» – деген пікірді негізге алып, таза аналитикалық түрде Урустың шығу тегі Ордадан болу керек деген еді. Ал Темиргалиев болса бұл мәселе жөніндегі барлық танымал қайнаркөздерді негізге алып, мұны өте нақты, сенімді айтады.
Дәл білім мен ең аса негізделген болжамның арасындағы айырмашылық өзге нәрселерге қарағанда ең маңызды боп қалады және тек ғылым емес, кейде тіпті жеке адам үшін де.
Мұнда орыс казактары мен қазақтардың өз-өздерінің атауы казак ежелгітүрік ұғымынан шығуы жөніндегі және әлеуметтік институт ретіндегі қазақылықтың этникалық мағынасы жөніндегі автордың пікірі Темигалиевтың ізденуі арқылы жоққа шығарылмайды, қайта дәлелденеді. «Бәрімізге белгілі кеңестерден бұрынғы кезеңде қазақ халқы Ресейде киргиздар немесе киргиз-кайсактар ретінде белгілі болатын. Алғашқыда осылай қазақтарды XVIII ғасырдың бірінші жартысында атады.
Және бұл туралы И. Ерофеева кездейсоқ жағдайда болды десе де (ол кездейсоқ емес еді, Ұлы Жүздің қазақтары өздерін шынымен де қырғыз-қазақтар деп атаған), ұғым ресми іс жүргізуде және кейін қоғамда өте тез орнығып, тез тарады, өйткені шатасудан қашуға мүмкіндік берді. Петрдан бұрынғы Русьте қазақтарды казак деп атаған. Және егер қазіргі кездің өзінде кейбір тарихшылар белгілі құжаттарда осы екі халықтың қайсысы жөнінде әңгіме болып жатқанын түсіне алмай отырса, XVI–XVII ғғ. географиялық білімдері өте шектеулі мәскеу шенеуніктерінде қандай қиындықтар туғызғанын әбден түсінуге болады. Қазіргі кездің қазақ ұғымы Кеңес үкіметі алғашқы жылдарының термин тудыру тәсілінің компромистік нәтижесі болды. Ол кезде билік басындағылар қазақ халқына өз тарихи атауын қайтып беруге және осымен қатар ыңғайсыз жағдайға түсіп қалмауға тырысқан. Бірақ шығыс халықтар тілдерінде осы күнге дейін әңгіме қазақтар жөнінде, немесе Дон казактары жөнінде бола ма, жалғыз-ақ «казак» сөзі қолданылады. Және тек нақтылау үшін ғана казактар орыс казактары деп аталуы мүмкін. Осы ұғымдардың бір-біріне теңдігі ғалымдардың зейінін қазақ пен казактар тарихының біркелкілігі мәселесіне баяғыдан тартқан, бірақ көптеген субъективті және ғылымға қатысы жоқ жағдайлар бұл бағыттағы салмақты зерттеулер үшін көбінесе жағдай тудырмаған. Алайда, қазақылықтың тарихы мен мәдениетін түсінбей, Қазақ хандығының тарихын толық ұғыну беймүмкін. Әдетте, қазақ этнонимі XV ғ. екінші жартысында Урус ханның ұрпақтары, сұлтандар Жәнібек пен Керей Қазақ хандығы деп аталып кеткен өз ұлысын құрғаннан кейін пайда болды деп саналады. Соның дәлелі ретінде «Тарихи Рашидидан» мынандай үзінді келтіріледі: «Ол кезде Дешті Қыпшақты билеген Абулхаир хан еді. Ол Жошы ұрпағы сұлтандарына көп тиіскен болатын. Жәнібек хан мен Кирай хан одан Могулистанға қашты. Исан Буга хан оларды ақ пейілмен қарсы алып, оларға Могулистанның батыс шетіндегі Шу мен Қозы Башиді берді. Олар құтты тірлік етіп жатқанда, Абулхаирдің өлімінен кейін Өзбек ұлысы бұзылып, онда көптеген бүліктер басталды. Оның бодандарының көп бөлігі Кирай хан мен Жәнібек ханға көшті, сөйтіп олардың саны екі жүз мың адамға жетті. Оларды орнықты түрде өзбек-қазақ деп атайтын болды. Қазақ сұлтандары билігінің басы – сегіз жүз жетпісінші жыл (1465–1466 жж. – Авт. еск.). Бірақ қазіргі ғылыми әлемде каноникалық сипат алған бұл хабар сол жылдардың оқиғаларына сәуле түсірудің орнына, жауапсыз қала беретін қосалқы сауалдар тудырады. Мысалы, Могулистанға барудан бұрын әлгі сұлтандар қайда болды екен? Жәнібек пен Керей белгілі бір кезеңге дейін Абулхаирға берілген боп жүре берген деген көп авторлардың пікірлері ешбір қайнаркөздермен расталмайды. Егер олай болғанда, урусидтер династиясына әрқашанда сын көзбен қараған шибан историографтары мұны, әлбетте, айтып, өз билеушісін сатқан сұлтандарды табалар еді. Бірақ, тіпті, Масуд бен Осман Кухистанидің «Тарихи Абулхаирханиіде» бұл жөнінде жұмған аузын ашпайды. Бұл шығармада Өзбек ұлысында XV ғасырдың 20–60-шы жылдарында болған барлық ең титтей маңызы бар оқиғалар баяндалады, Абулхаирға бағынған барлық тайпалар аталады, барлық сарай жанындағылар мен қолбасшылардың аттары аталады, бірақ Керей мен Жәнібек жөнінде бір сөз жоқ. Және соңғылардан бағыныштылық күту оғаштық болар еді. Жәнібектің әкесі Барак ханды маңғыт бектері өлтірген болатын(кейбір деректер бойынша, Барақпен бірге Керейдің әкесі Булат та өлтірілген). Сосын олар Шығыс Дешті Қыпшақ тағына шибан тармағының өкілі Джумадукты қойған. Оны біраздан соң өлтіреді де, жаңа хан боп шейбанид Абулхаир шыға келеді. Жәнібек пен Керейге ол оларға тиесілі тақты тартып алған тексіз біреу. Бұлар оған қарсы тұра алмас еді, өйткені оның артында құдыретті маңғыттар тұрды, бірақ жас ханға бағынуды да өзіне ар санады. Және де Барак ханның өлімінен кейін Керей мен Жәнібектің қай жерде болғанына болжам жасауға мүмкіндік беретін кейбір деректер бар. Мысалға, Островицалық Константин сынды ортағасырлық автор 1459 жылға қатысты мынандай деректер қалдырған: «Трапезунд, Синоп сияқты Қара теңіздің мына жағында жатыр, трапезунд жері таулы және кең, барлық жағынан оны дінсіздер қоршаған, олардың бәрі Ұлы хан және Узунхасан, Джанибек Гирей сияқты (Р.Т. бөліп, назар аударған) татарлар, осы татар билеушілері түрік сұлтанынан гөрі, олар өздері сияқты қарғыс атқандар дінінен болса да, өзінің көршісі ретінде трапезунд императорын көргісі келді. Константин жазбаларының комментаторлары осы үзіндіде Жәнібек пен Керей есімдеріне назары түсіп, шығарма авторы таққа тек 1477 ж. отырған Қырым ханы Джанибек Гирейді атап, қателескен деп болжам жасаған. Тек «Астрахан хандығы» еңбегінің авторы И. Зайцев басқа ой ұсынған: «Бұл жұмыста аталып отырғандар ағайынды қазақ Жәнібек пен Керей болуы әбден мүмкін, бірақ онда олардың Трапезунд және османдармен шекаралас болғаны түсініксіз». Әйтсе де, Константин хабары халық ақыны Асан Қайғының шығармашылығында расталады. «Хан Жәнібекке арнау» деген оған телінетін өлеңінде хан жарлығымен қиын және еш қисынсыз көшке шығу суреттеледі. Және көш бағыты Жем, Ойыл, Еділден өтеді. Қазіргі уақытта аз ғана жұрты бар қашқын сұлтандардың қайда тұрақтағаны белгісіз.
Мүмкін, олар Солтүстік Батыс Кавказ территориясын таңдаған шығар. Барлық жағдайға қарағанда, бұл мекен қазақылықтың отаны болған сияқты. Мысалы, Мәскеумен соғыс кезінде осы Кубаньда ғана 1445 жылдың көктемінде Қазан ханы Улуг Мухаммед еш қиындықсыз және тез екі мың казакты ақы төлеп өз әскеріне алған. Бірнеше ай өткен соң сол баяғы «Черкеске» өз өмірлерін сақтап қалу үшін хан ұлдары қашқан. Сонда сол казактар кім болды екен? Әдетте, түркі тілдерінен «казак» термині «ерікті», «кезбе», «жолаушы» деп аударылады. Тар мағынасында дала қарақшыларын да, аздаған салт аттылар тобын да және жәй жалғыз ілікті батырларды да осылай атаған. Әйтсе де, қазақылық деп Дешті Қыпшақтың арнайы әскери мәдениеті де аталған. Қазақылыққа шығу ол соғыста есі ауғанша өжет болу, ал бейбіт кезде ешбір билікке бағынбау. Казактар көштеріне патшалар, бүлікшілер, авантюристер, қылмыскерлер, бір сөзбен айтқанда, белгілі бір уақытқа туған жерінен кетуге қажет болған барлық адамдар кете берген. Адамдардың бұл түрінің ермегін елестету қиын емес. Керуендерді тонау және көршілерге тыныштық бермеу, міне, казактар алғашқыда осындай нәрселермен айналысқан. Бірінші боп осы бүлікшіл далалық топты өз пайдасына жаратуға қисын тапқан мәскеу княздары. Мәскеу князі Василий Дмитриевич (1389–1425 жж.) және, әсіресе, оның ұлы Василий Васильевич Темный қашқын «патша» мен «ханзадаларға» тұтас аймақтарды олардың «олжасына» беріп, тіпті «шығын» төлеп тұрған. Оның орнына «ордабұзарлар» Русті кез келген жаудан қорғау борышын мойнына алған. Мұндай татарсүйгіш саясат көне княздар және боярлар арасында барынша қарсылық тудырған. Бірақ бұл қарсы дауыстар да казактар өздерінің әскери іскерлігін көрсеткесін тынышталған. Жаңа бодандардың іскерлігіне көзі жеткен Василий Темный даламен шекаралас жерлерде жаңа ұлыс ашып, оның ханы ғып Қасымды тағайындады. Соңғының есімі кейін осы хандықтың атауына айналды. Касимдік казактар Қазан, Қырым және Ұлы жүз үшін нағыз құдайдың жазуына айналды. Ал егер ерікті казак республикаларына келсек, олар да анархиялық топтардан өз саяси мақсаттары бар орнықты ұйымдарға айнала бастады. Қайнаркөздер деректері бойынша, бірінші казактар ұйымдарын запорож казагы Мамай, немесе бірінші Дон атаманы Сары Азман сияқты далалықтар басқарған. Алайда кейін бүкіл XVI ғасыр бойы крепостной правоның қатаюына және Русьтағы опричнинаның шектен шығуына байланысты, қазақылық қозғалысында славяндар көбейе бастады. Ал олар келді де бұрынғы тәртіпті өзгерте бастады. Олар православие дінін таратты және бұл фактор қазақылық тарихында өте маңызды болды. Дәстүрлі діни нанымда болған далалықтарда қазақылықта болған біраз кезеңнен кейін өз ұлыстарына қайтуға мүмкіндік болды, ал христиандықты қабылдағандар бұл туралы ойлай алмайтын. Осылай дала бұзақыларының санасында өзінікі боп енді Мәскеу көрінді. Және енді соны бағыт тұтқан казактар жыл сайын көбейе берді. Бірақ енді біз Жәнібек пен Керейге қайтып келейік, олардың ұзақ уақыт қазақылықта болғаны, олардың балдарының білім алмағандығымен де дәлелденеді. Абулхаирдың балдары мен немерелері барлық мұсылман елдерінен шақырылған ғұламалардан ғажап білім алғанда, олар ат үстінде өмір сүрген. Тек отыз жыл босудан кейін ғана урусидтарға құты оралды. 1457 жылы Абулхаир ойраттармен соғыста ойсырай жеңілді және бұл хан беделінің түсіп кетуіне қатты ықпал етті. Ұзынқұлақтың арқасында бұл хабар бүкіл қыпшақ даласына аса тез тарады. Және тез арада Керей мен Жәнібек өзінің жауы ордасындағы ахуал жөнінде толық ақпарат алды. Бірақ өздерінің таққа хұқығы жөнінде айту әлі ертелеу еді. Алдымен одақтас табу қажет болатын. Могол ханы Есен Бука Керей және Жәнібекпен кездесуге бар пейілімен барды және оларға өз территориясына көшіп келуді ұсынды. Бірақ ол тек қана ыстық пейілден жасалған ұсыныс емес еді. Моголдарға ылғида қырғыздар мен ойраттар шабуылдайтын және олармен күрес онша табысты болмайтын, сондықтан Есен Бука Керей мен Жәнібекті шекарашылар ретінде пайдаланғысы келді. Сонымен бірге, могол билеушісі Абулхаир жағынан агрессия болуынан сескенді. Келісімге жеткесін, сұлтандар шамасы 1460 жылы Моголистан территориясынан көшіп үлгірді. Бұл көш туралы, Еділ мен қоштасу туралы деректер де жыраулар поэзиясынада атышулы Қарғабойлы Қазтуғанға телінетін толғауда сақталған. Жаңа жерде «Тарихи Рашиди» да айтқандай, Керей мен Жәнібектің жақтастары көбейе бастады, бұл енді Абулхаирды толғантпай қоймады. 1468 жылы хан ескі жауларының және олардың қолдаушысы Моголистан ханының сазайын берейін деп, қол жинауға жарлық береді. Бірақ жорықта Абулхаирға суық тиіп, ол көп ұзамай өледі. Жаңа хан боп марқұмның ұлы Шайх Хайдар сайланады. Марқұм ханның көптеген жауларына шабуылға шығудың сигналы болды. Біраздан соң Шайх Хайдар өлтіріледі де, ұлыстағы билік Керей мен Жәнібекке көшеді. Шибандар биліктен айырылғанына еш көнгісі келмеді. Абулхаирдың сүйікті немересі Мухаммед Шейбани Мәураннахр мен Хорезмді жаулап алғаннан кейін Керей мен Жәнібектің балдарына қарсы дүрсін-дүрсін соғыс ашты. Оның жарлығымен урусидтерге бағынған тайпалар Орта Азияның отырықшы тұрғындарымен сауда жасай алмайтын болды. Сонымен бірге, оларды мұсылман емес деп жариялап, имамдар Урусхан ұрпағына қарсы күресті кәпірлерге қарсы жихад деп жарлық шығарды. Онан зоры, дәл осы Шейбанидің жарлығымен урусидтер династиясының өкілдерін сарай ішінде казак деп атай бастады. Бұл бірінші рет Ибн Рузбеханидің «Бұхар қонағының жазбалары» (1509 ж.) беттерінде көрініс тапты. Шейбанидің жастық шағы жөнінде оның тарихшылары қазақылықтың даңқты дәуірі ретінде жазды. Бірақ мұнда далада қаңғып жүріп көптеген жауларға қарсы тұрған жас ханның батырлығы мен ерлігі жөнінде баяндалды. Ал Жәнібек пен Керейдің ұлдарын қазақ дегенде сарай тарихшылары кешегі өткен шақтың оқиғаларын бұрмалап, олардың статусын төмендетуге тырысқан. Сөйтіп, Абулхаир емес, Керей мен Жәнібек билікті тартып алушы бұзақы казактар деп жарияланды. Жаңа атау өзге авторлар арасындада тез тарап кетті, өйткені Мәуреннахрға көшкен өзбектерді, олардың Дешті Қыпшақта қалған ағайындарынан ажырату оңай болды. Әйтсе де, Шейбанидің қарсылас династия өкілдерінің статусының төмендетуге тырысқаны табысты болмауы да мүмкін еді, егерде 1511 жылы Шығыс Дешті Қыпшақтың жаңа билеушісі боп Жәнібек ханның ұлы Қасымхан болмаса. Ол өзінің ұлы замандастары Бабыр мен Шейбанидан еш кем емес, Дешті Қыпшақ пен Орталық Азия тарихының ең атақты каһармандарының бірі. Жылнамашылар жазғандай, Жошы ханнан кейін ешкімде мұндай құдыретті билік болған емес, тіпті бұрын өзге ұлыстарға кірген миллион шамасындағы көшпенділер хан Қасымның билігін мойындаған. Бірақ қазақ аңыздарында Қасымхан ең алдымен қазақтар аса тағзым ететін «Қасқа жол» заңдар жинағының даңқты авторы ретінде құрметтелді. Таза жол деген мағына беретін жинақтың атауының өзі заң шығарушының дала заңдарын өзге жат құрамалардан тазартқысы келгені жөнінде айтып тұрғандай. Бәлкім, әрине, мұндай атауды хан Қасымның заңдары халық арасында кейін алған шығар, бірақ мұның өзінде де қоғамдағы оған аса құрметпен қарау, аса аялау дағдысы тек пайда болмағаны түсінікті. Қаңғу мен күресте туып өскен Қасым психологиясы таза казак психологиясы еді. Мысалы, могол ханы Сұлтан Саид Мәуереннахрды жаулап алып, өзара бөлейік дегенде, Қасым оған былай жауап берді: «Біз далалықтармыз; бізде сирек, немесе қымбат заттар, немесе тауарлар жоқ, біздің басты байлығымыз жылқылар: олардың еті мен терісі бізге ең үздік тамақ пен киім болады, ал біздің ең тәтті сусынымыз олардың сүті және одан жасалатын нәрсе, біздің жерде бау-бақша мен ғимараттар болмайды; біздің демалыс орнымыз мал жайлауы мен аттар үйірлері, сол үйірлерге барып біз аттарды қызықтаймыз». Шамасы, сол Қасымның кезінде қазақ әдеті Шыңғысхан Заңы – Ясадан қол үзген. Бірақ, сонымен бірге, өзге Жошы ұрпағында Ясаның орнына жүрген шариатқа да тыйым салынды. Оның орнына таза қазақылықтың әдеттері заң дәрежесіне көтерілді. «Доннан ұстап беру жоқ» дейді екен Сары Азманның мұрагерлері, ал қазақ ханы Абылай Ресей және Қытай биліктеріне қашқындарды ұстап беруден бас тартып, «біздің далалық заңдар бойынша, өз бетінше иелерінен қашқан иттердің өзін қайтаруға болмайды» – деген екен. Саяси құрылымның қағидаларында да маңызды өзгерістер болды. Қасымның аға інілері Жаныш, Таныш, Үсек, Жәдік хан титулына ие болды. Рубасылар да маңызды дәрежеге көтеріле бастады. Іс жүзінде жоғарғы хан Қасым билеушіден гөрі әскери көсемге ұқсайтын, өйткені әбден қартайғанша жорықтар мен ұрыстарға қатысып жүрді. Осындай көзге түрпі тәртіптің орнауының арқасында жаңа атау тек орныға түсті, сөйтіп, Ақ Орда (Жайық сыртындағы Орда, Урус жұрты, Өзбек ұлысы) өте тез жұмбақ және жабайы Қазақ Ордасына айналды. «Екі Сарматия жөніндегі трактатында» (1517 ж.) Матвей Меховский мына жәйтті атап өтуді жөн деп тапқан: «татардың ордалары төртеу және императорлары да сондай. Ал дәлірек айтқанда: Еділ сыртындағы татарлардың ордасы, перекоптықтардың ордасы, козандықтардың (Cosanensium) ордасы және төртіншісі ноғайлықтардың ордасы. Тағы да императоры жоқ бесіншісін қосады және оны қазақылықі деп атайды (Kazacka)». Ұлы князь Василий III (1505–1533 жж.) кезеңіндегі орыс жылнамаларында Қасымханды да енді «царь казацкий» деп атай бастаған. Бірақ шығыс қайнаркөздердегі казак ұғымының ұзақ уақыт урусидтерге бағынышты халыққа емес, тек олардың өздеріне қатысты қолданылатынын естен шығармау керек. Мысалы, Искандар Мунши, XVI ғ. аяғындағы белгілі оқиғаларға қатысты былай деп жазған: «Тәуке хан казак Мәуереннахрда жөнді билеуші жоқ деп көкірегіне нан пісіп, Туркестан және далалық өзбектер тайпаларынан қайыспайтын садағы бар сансыз және есепсіз қол жинады». Казак ұғымының саяси мағынасы сол кезеңнің көптеген орыс құжаттарында да белгіленген, мысалы, онда қазақтарды «Қазақ Ордасының» татарлары деп атаған. Бірақ атау тез орныққанымен, урусидтер династиясының өкілдері де, оларға бағынышты тұрғындар да сырттан телінген терминды ұзақ қабылдамады. Қазақ тарихшысы Қадырғали бектің «Жамиғат ат тауарихында» (XVII ғ. басы) казак термині тіпті аталмайды да. Оның орнына автор өзбек этнонимін қолдануды жөн көреді. Тарихи дастандарда негізінен «ноғай» атауы қолданылады. Тек Жиембет жыраудың толғауларында (XVII ғ. басы) Есім ханның бодандары алғаш рет қазақ (казак – Авт. еск.
О проекте
О подписке