«Дариға-жүрек (Өмірдастан поэмасынан)» читать бесплатно онлайн книгу 📙 автора Мұқағали Мақатаев в электронной библиотеке MyBook
image
  1. Главная
  2. Cтихи и поэзия
  3. ⭐️Мұқағали Мақатаев
  4. 📚«Дариға-жүрек (Өмірдастан поэмасынан)»
Дариға-жүрек («Өмірдастан» поэмасынан)

Отсканируйте код для установки мобильного приложения MyBook

Бесплатно

4.62 
(24 оценки)

Дариға-жүрек (Өмірдастан поэмасынан)

5 печатных страниц

Время чтения ≈ 1ч

2017 год

12+

Введите вашу электронную почту и читайте эту и еще 672 000 книг

Оцените книгу
О книге

читайте онлайн полную версию книги «Дариға-жүрек (Өмірдастан поэмасынан)» автора Мұқағали Мақатаев на сайте электронной библиотеки MyBook.ru. Скачивайте приложения для iOS или Android и читайте «Дариға-жүрек (Өмірдастан поэмасынан)» где угодно даже без интернета. 

Подробная информация
Объем: 
10304
Год издания: 
2017
Время на чтение: 
1 ч.
Правообладатель
636 книг

Анонимный читатель

Оценил книгу

Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері жаныма қуат береді
29 апреля 2017

Поделиться

Анонимный читатель

Оценил книгу

Керемет
3 мая 2023

Поделиться

Анонимный читатель

Оценил книгу

жақсы.
7 ноября 2024

Поделиться

Жаман түстен шошынып оянғандай, Шошып кеттім, шошыдым, ой, Аллам-ай! Мен алапат екі бір жыртқыш көрдім, Қызыл қанға бөксесі боялғандай. Сұмдық көрдім ешқашан сыр ашпаған Несіне айтамын деп тыраштанам… Сұмдық көрдім, бүкіл бір сұлулықты, Сұрқия құмарпаздық ластаған.     Дүние-aу, сұлу ең ғой жаңа ғана, Оп-оңай-ақ, осылай, жоғала ма? Айтсаңшы, ей, табиғат, сұлулығың Осындай сұрқайлықтан жарала ма?!     Дариға… Тфу!!! Жаман еді аты қандай! Сорлы аға, сойқан апты қатын алмай. …Аузымды аңдаусыз ашып қалсам, Жүрегім снаряд боп атылардай.     Тфу, ит! Қандай жаман əн салады, Əн емес, осы екен ғой аңсағаны. Мына бір бояуы жоқ бозала тау, Өзіне сұлумын деп тамсанады. Мына бір бұрқыраған бұзық-өзен, Даурығып озіне-өзі жар салады. Мына бір татымы жоқ тау самалы, Ана бір албастыдай аршалары. Мен сұлу, мен сұлу деп қарсы алады; Мына бір қызыл гүлдер қызынақсып, Ана бір жаужапырақ қол соғады; Қай жерден көрінер деп қансонары, Сонау бір кəрі қыран тау шолады; Қыран емес, жауыз ол, қан сорады!     Жақпар-жақпар жартастар, Құдайсыңдар! Себебі, сендер, міне, былайсыңдар: Тəкаппар сұлулықты сақтайсыңдар.
1 мая 2017

Поделиться

Құлан жон жанның бірі еді; Құлпыра соқса реңі, Құтыра соқса жүрегі, Қыранды құрдай іледі; Қос уыс бұрым арқада, Қос жылан болып жүреді; Егіз шың тұрған кеудеде, Еңістің жатыр сілемі; Қос жанар бірден жалт етсе, Жарқ етіп шыққан күн еді; Дариға-жүрек кім еді?..     Даланың жалғыз гүлі еді, Екеуі болса, бірі еді, Біреуі болса, өзі еді; Оны өзі де сезеді. Дариға-жүрек кім еді? Тасылмай қалған өзені, Ашылмай қалған өзегі, Келмей бір кеткен кезегі, Керемет жанның өзі еді; Айтылмай қалған сөз еді; Ашылмай жүрген сыр еді, Басылмай жүрген жыр еді; Дариға-жүрек кім еді? Дариға-жүрек мендегі! «Сұңқардай еді жердегі, Аққудай еді көлдегі»; Дариға-жүрек шөлдеді.     Сап-салқын қоңыр кештерде, Сайлардан самал ескенде, Алыстан Ай кеп, шыңдардың, Ақ сəлдесін шешкенде, Керуен-бұлттар көшкенде, Көңілден оттар өшкенде, Аршалар күбірлескенде.     Жан салар соның бəріне, Əн салар сонда бір үн бар; Тұрыңдар бəрің, тұрыңдар! Əнменен туып, бірге өлген, Атаңнан қалған ырым бар;
1 мая 2017

Поделиться

Болған-ды менде бір жеңге, Жылайтын еді бір демде, Күлетін еді бір демде; Күлетін еді күллі əлем, Дариға жеңгем күлгенде; Жас тамып жасыл бүрлерден: Қарағай, терек, бүргеннен; Жылайтын еді гүлдер де, Дариға жылап жүргенде; Ауыра қалып бір демде, Айығушы еді бір демде.     «Аққудай еді көлдегі, Сұңқардай еді жердегі». Айта да жүріп осы əнді, Дариға-жүрек шөлдеді. Санаттан жары келмеді. Саятқа көңілін бөлмеді, Сабырға сайтан ермеді; Сайтанға ерік бермеді; Дариға-жүрек шөлдеді, Шөлдеді, бірақ өлмеді; «Сұңқардай еді жердегі, Аққудай еді көлдегі». Аққудай еді көлдегі…     Жолбарыс бақай-білегі,
1 мая 2017

Поделиться

Автор книги