© Алтыншаш Курманаева, 2020
ISBN 978-5-0051-9770-2
Создано в интеллектуальной издательской системе Ridero
Кішкентай кезімде қолыма қалам алып ойнағанды жақсы көретінмін. Бірде дәптер бетін шимайлап отырған мені көрген анам: «Осы қыз суретші болады!» – деп менің болашағымды алдын ала жоритын. Адамның өмірі біркелкі жол емес, ойнақтап тұрған теңіздің толқыны емес пе? Менің өмірлік жолым мені мүлдем басқа арнаға әкелді. Ол – әдебиет және оның таңғажайып әлемі. Әдеби шығармаларды оқығанды жаным ерекше жақсы көреді. Әдеби кітапты көрсем болғаны, соны алуға құмартып тұрамын. Менің демалыс уақытымның басым көпшілігі кітап оқумен немесе кітап дүкенін аралаумен өтеді. Бір сөзбен айтқанда, мен кітапқұмармын.
Мектеп қабырғасынан бері мені сансыз ойлар жиі мазалайды. Аялдамада автобус күтіп тұрған сәтте мен бір оқиғаның жалғасын ойымда құрастырып тұрамын. Ол ой менің қолыма қалам алуыма түрткі болады. Кейде түсімде жаңа оқиғаның сюжетін көріп, оянып кетемін. Түсімде көрген жайттар мен күндіз басымнан кешірген оқиғалар менің кітабымның бір бөлігіне айналады. Осылайша, мен қолыма қалам тарттып, кітап жазуға кірісемін. Кітап дегенім артық болар, ойымды қағазға түсіремін дейін. Өйткені, мен әлі өз жанрымды дөп басып айта алатындай мықты жазушы емеспін. Мен бар болғаны өз ойымды дүйім көпшілікпен бөлісі білетін автормын.
Қойма. Тастай қараңғы бөлме ішінде Адақ атты қарт бір-бірлеп сөрелерге жан салынған құтыларды қаз қатар қылып қоюда. Оның жанында шаң басқан сөрелердің бетін сүртіп, әкесіне жан салынған құтыларды алып-беріп отырған жалғыз ұлы Қалтарыс бар. Жасы елуге тақап қалған қарттың бар ойы құтылардың амандығында. Оның ойынша, құтылар қауіпсіз жерде сақталынса, Зұлмат әлемі де қауіпсіздікте болады. Сондықтан, құтыларды барынша күтіп-баптап сақтау қажет екендігін қарт Адақ ұлына тәптіштеп түсіндіруде. Ұлы оны түсінбесе керек. Қалтарыс байқаусызда бір құтыны жерге құлатып ала жаздады. Абырой болғанда, әкесі Адақ дер кезінде сиқырлы таяқшасын қолға алып, ол құтынының өмірін аман сақтап қалды. Құтының дәл өзінің жанында сиқырлы дуа көмегімен қалқып тұрғанын көрген Қалтарыс аң-таң болып, әкесіне қарады. Адақ құтыны өз орнына апарды да, сиқырлы таяқшасын қалтасына салды. Ол құтыларды орны-орнына қоюды жалғастырды. Қалтарыстың сиқырлы таяқшаны көруі оның болашаққа деген мақсатын өзгертті. Қалтарыс әкесінің жаду әлемі мен сиқыршылар туралы әңгіме тарқатуын ұнатпайтынын білсе дағы, бәрібір, одан бұл жайында ақпарат алуға бел буды. Ол әкесіне сұрақтарды жаудырып қоя бастады. Әкесі үндемеді. Адақ сатыдан абайлап түсіп, жерге тұрды да құтылардың бар-жоғын түгендей бастады. Қалтарыс өз дегенінен қайтпады. Баяғы тұжырымын қайта қозғады. Әрине, әкесінің ашуланатынын ол жақсы білді. Бірақ не болса дағы, өз мақсатына жетудің жолын ұйымдастырды. Ол «жаду боламын!» деп өз алдына нық мақсат қойды. Адақ ұлының ішкі ойын сезді ме, кенет, ұлына жалт бұрылып қарады да:
– Сенің анаң осы жадулардың қолынан қаза тапты! Сондықтан, мен сенің жаду болуына ешқашан өз келісімімді бермеймін! Ал егер көнбесең қара батамды аласың! Қара бата қарғыс шақыратынын ұмытпағайсың! – деді нартайланып.
Қалтарыс басын төмен түсірді. Шамасы, өз ісіне ұялса керек. Қалтарыстың анасы Бағира Нарттайқызы ұлы жадулар күресінде көз жұмған. Қалтарыс анасынан айырылған кезінде небәрі үш жарым жаста еді. Содан бері ол ананың махаббаты мен қамқорлығы дегенді түсінбей келеді. Әкесі Адақ ешқашан баласын еркелеткен емес. Қайдан еркелетсін? Адақ балажан ба еді? Әлде кеңпейіл ме? Жоқ. Адақ нағыз қаталдық пен қатаңдықтың нышаны. Оның өң бойынан ешқашан жылулық сезілген емес. Әрі түрі де сұсты. Мінезі тастан қатты, қоладан тығыз болардай Адақ қандай қиындықты өткерді деулеріңіз мүмкін. Бәлкім, әйелінің ауыр қазасы әсер еткен шығар. Әйтпесе, Адаққа Бағираның көңілі тартпас еді. Балдаурен шақта Адақ қандай жомарт еді. Ол қыз балаларға қызғалдақ сыйлап, әлсіздерге демеу болатын. Оның түбегейлі өзгеруіне жадулар соғысы қатты ықпал етті. Жақынының көз алдында шаһит болуын көруден арттық ауыр жаза бар ма?! Сол күні Адақ өзінің өткен шағымен бірге мәңгі сөңді. Оның сұлу да сымбатты бейнесі мәңгіге өшті. Адақ зұлым жан коллекционеріне айналды.
Жаны қатыгез жадудың түр келбеті де сұрықсыз болады екен. Адақтың түр-сипаты жауыздық атаулы образдардан асып та тасып та түсті. Қанішер Адақты бүкіл жалмауыз атаулы елді-мекен мадақтады. Әр жексенбі сайын Адақтың үйінде: Жезтырнақ, Кеңаяқ, Сөрел, Жалмауыз кемпір, Жын, Мыстан, Ағайынды дәулер мен басқа да зұлымдар жиналды. Осылайша, Адақ өз үйін жалмауыздарға арнап мейрамханаға айналдырды. Күллі жер жиһандағы жалмауыздар Адақтың қонақүйінде қоныстанды. Адақ тек атақты жан колекционері ғана емес, «Жалмауыздар қонақүйінің» (Зұлмат әлеміндегі әйгілі қонақүй. Аталмыш үйге тек қанішерлер мен зұлымдар келуге құқылы) мықты бастығы атанды. Жыл сайын жүз мыңдап қонақүйге зұлымдар келді. Тіпті кейбір жалмауыздар өздерінің «Зұлматтық курстарын» (Жауыздардың кәсіби зұлым болуды үйрететін курстары) өткізіп, зұлым-бизенесмендер атанды. Адақ тұрған қонақүй – нағыз зұлматтардың құрылтайына айналды.
Міне, бұл оқиғалардың бәрі ертегілер елінен жалмауыздардың бөлініп шығуына әкелді. Қазіргі таңда зұлымдар өздерінің жеке «Зұлмат» атты елді-мекенінде тұрады. Зұлмат әлемі таза жауыздар тұратын аймақ. Аталмыш елдің экономикасы біз ойлағандай төмен емес. Жауыздар жомарттардан асып түсті. Ертегілер әлемінің патшасы Қаңбақ шал «Зұлмат» әлемінің басшысымен дипломатикалық қарым-қатынас орнатты. Зұлмат елінің экономикалық табысына тіпті жаду әлемі (сиқыршылар әлемі деген сөз) қызықты. Алайда зұлматтар Жаду әлемімен одақ болуға келіспеді.
Жауыздардың айтарлықтай табысқа жетуі Адақтың арқасы еді. Сондықтан, Адақ өз елінде аса құрметті тұлға. Ол бір емес, екі бірдей бизнес-компанияның бастығы. Оның «Жан коллеционері» галериясы (Құтыға сақталған жандардың арнайы көрмесі өтетін жері) мен «Жалмауыздар қонақүйі» бар. Адақ екі мәрте «Зұлмат» орденімен марапатталған (Жауыздарға берілетін ең үлкен атақ). Адақтың мықты кәсіпкер екенін мұқым әлем біледі. Табысты кәсіпкерге тұрмысқа шығу барша жалмауыз-мыстандардың арманы. Көбіне қонақүйге мыстандардың қоныстанатыны рас. Әсіресе, Аңқылдақ тәтей өзінің алып баласымен жиі келеді. Қалтарыс үшін бұл қалыпты жағдайға айналды. Қалтарыс мыстан тәтейді ұнатпаса дағы, оған «Апа» деуге мәжбүр. Себебі, жақында жалмауыздар қонақүйінде Адақ пен Аңқылдақ тәтейдің тойы болады. Адақтың пысықай ассистенті болған Аңқылдақ тәтей болашақта оның жары атанады деп кім ойлаған. Қалтарыс жастай анасынан айырылса, Аңқылдақтың жар дегенде жалғыз ұлы – Дабыл әке тәрбиесін көрмей өскен. Дабыл жасыл өңді (терісі жап-жасыл), кең жауырынды, бойы адамдардікіндей, көмір қара шашты, қалың қасты, қой көзді, түрі сүп-сүйкімді келген бозбала. Тентектігі болмаса, Дабыл сымбатты-ақ. Туған әкесі қарыс-дәулер (кең жауырынды, бойлары адамдардікіндей, табандары қалың, қолдары жуан, жасыл терілі келбетті дәулер) тұқымынан шыққандықтан, Дабыл нағыз дәулер қатарына жатпайды. Шатақ мінезді Дабыл ешқашан Адақтың орнын басуды мақсат еткен емес. Алайда мыстан анасы (жалмауыз ұрпағынан деген сөз) ұлының санасын арбаумен болды. Адақтың компаниясын өз ұлының басқарғандығын қалады. Қалтарыс пен Дабыл мыстан тәтейдің осы бір қылығы үшін жиі керісіп қалатын…
Қақтығыстан еш нәтиже шықпаған соң Қалтарыстың үні өшеді. Ол қонақүйдегі өзінің даяшы қызметінен шаршап, далаға шығады. Жалмауыздар қонақүйінің биік қат-қабатында орнатылған балконда Қалтарыс айды тамашалайды. Мөлдір тұнық ай оның алдына айдыннан аппақ сұлу анасын елестеді. Кейде өз көзімен көрген бейненің сағым екендігін Қалтарыс ұмытып кетеді. Қалтарыс жұлдызды аспанды тамашалай отырып, өзінің өгей ағасының орнына кеңседе жұмыс істеген сәтін көз алдына еміс елестеді. Дабыл ағасы болмағанда, Қалтарыс әкесінің сүйікті ұлы болар ма еді? Жоқ, Адақ бәрібір оны елемес еді. «Әттең! Әкем мені елегенде ғой!» – деп Қалтарыстың көзінен маржан болып жас тамшылар жерге ақты. Қалтарыстың көз жасы биік қамалдың бетінде тасты жарып өсіп тұрған түймедақ гүліне түсті. Қалтарыс қалың тастың ортасында тіршілік еткен түймедақты байқамады. Ол сырттан: «Әй, Қалтарыс! Қонақүйге келген қонақтарды қарсы алсаңшы!» – деп шаңқ етіп айғалаған өзінің өгей мыстан апасының дауысын естіді. Қалтарыс: «Иә, апа! Қазір келемін», – деді де жұлдызды аспанға тағы да бір көз салды. Кенет ол қонақүйдің алдына тұрған арбаны байқады. Биік қамалдан алысқа көз шалған Қалтарыс бір сұлу қыздың арбадан шыққанын көрді. Белі шыбықтай, шашы бұрым, аппақ өңді қыз қамалға кіріп жатыр екен. Қалтарыс дереу ішке кірді. Ол қамалдың сатыларынан жылдам жүріп өтіп, бірінші қабатқа түсті. Әлгі қыз үлкен қара ілбіс мысығымен ішке кіргелі жатыр екен. Кенет Қалтарыс қонақтарды қабылдайтын, тіркеу бөлімінде еңбек атқаратын Дабылдың жоқтығын көрді. «Әдетте, өз орнында тапжылмай тұратын Дабыл ағам қайда кетті екен», – деп Қалтарыс оның орнына барып тұра қалды. Қалтарыс Дабылдың кішкене айнасын алып, өзінің тарақтың тісі батпайтын шашын дұрыстады. Көзді ашып жұмғанша дәл жанына әлгі қыз да келіп үлгерді. Қыздың жанында өзі алыстан көрген үлкен қара ілбіс бар екен. Қара мысықтың мойнына ешнәрсе тағылмағанын көріп, Қалтарыс біраз жұтынап қойды. Қыз Қалтарысты байқап, оған: «Қорықпа! Мысығым ешкімге тиіспейді! Ал егер қорықсаң, ол саған атылады!» – деді. Қалтарыс қалтырай түсті. Ол біресе қызға, біресе, мысыққа қарады. Қара мысық: «Мяу», – деп ауызын аңқита ашты. Дәу мысықтың ақ тістері ақсиып көрінді. Қалтарыс дірілдеп-қалшылдап тіркеу компьютерінен қыздың тегі мен аты-жөнін іздеді. Ол қыздың ныспысын сұрады. Қыз оған: «Мен Алтынмын. Қара ниеттілер еліндегі (Зұлмат әлемінен бөлек елді-мекен) атақты Қарабай байдың қызымын», – деді. Қалтарыс компьютер экранына шыққан қыздың тегін көріп, ондағы мәліметтерді оқыды да: «Олай болса қош келдіңіз! Сіздің бөлмеңіздің кілті!» – деп оған мың бірінші бөлменің кілтін ұсынды. Алтын кілті қолға алды да, жеделсаты тұрған жерге қарай аяңдады. Оның артынан қара ілбіс мысық ерді. Қалтарыс қыздың жеделсатыға кіріп бара жатқандығын сәтін соңғы минутына дейін тамашалады. Бір кезде оның арқасынан біреу қағып жіберді. Қалтарыс өз иығын ұстап, селк етті. Ол артына жалт бұрылып қарады. Дабыл тұр екен. Дабыл Қалтарыстың жауабын күтіп
На этой странице вы можете прочитать онлайн книгу «Жан коллекционері. Қара фэнтези», автора Алтыншаш Курманаевой. Данная книга имеет возрастное ограничение 16+, относится к жанрам: «Современная русская литература», «Русское фэнтези».. Книга «Жан коллекционері. Қара фэнтези» была издана в 2020 году. Приятного чтения!
О проекте
О подписке