Цитаты из книги «Анама» Мағжан Жұмабаев📚 — лучшие афоризмы, высказывания и крылатые фразы — MyBook.

Цитаты из книги «Анама»

1 
цитата

Мағжан Жұмабаев АНАМА АНАМА   Өмірімнің қап-қараңғы түнінде, Еш не білмес түсім бе я өңім бе Оң менен сол, от пенен су айырмас, Күшсіз, әлсіз, есім білмес күнімде,     Құшағыңа алдың, сүйдің сен, анам, Ренжу жоқ, барлық сөзің: «Жан балам!» Ыстық-суық, желге-күнге тигізбей, Асырап, сақтап, болдың, анам, баспанам.     Түнде тұрып, түн ұйқыңды төрт бөлдің, Тыныш ұйықтасын деп, аз сөйлеп, аз күлдің. Ыңырансам, я қарным аш, я тоңған екенімді, ойламастан, тез білдің.     «Жаным – дедің,– қарашығым, құлыным», Сүйдің, қыстың, дедің: «Тәтті қылығың!» Қаз-қаз тұрсам, езу тартсам, құласам, Я жыласам – бәрі жақты қылығым.     Жаным анам – жібек тілді, ақ көңіл, Жазу болып, шегер болсам ұзын жол, Шет жерлерде теріс жолдан сақтарға, Жан балаңа ақ батаңды бере гөр!..
2 февраля 2017

Поделиться

Бесплатно

0 
(0 оценок)
Читать книгу: «Анама»

Установите приложение, чтобы читать эту книгу бесплатно