Читать бесплатно книгу «Дағыстан» Ақылбай Абайұлы полностью онлайн — MyBook
image
cover

АҚЫЛБАЙ АБАЙҰЛЫ
ДАҒЫСТАН

ДАҒЫСТАН

АҚЫЛБАЙ АБАЙҰЛЫ
(1861–1904)
 
Дағыстан Кавказдағы Кəрі Жүсіп,
Қисса ғып айтқым келді көңілім түсіп.
Тепе-тең тек жатудың табы батып,
Білмедім не қылуды ішім пысып.
 
 
Сынауыңа сорғалап келмесе де,
Сөкпеңдер мына сөзі қалай десіп.
Біліккен соң ер сөзін ермек еттім,
Осыны айтпасам да өнер қысып.
 
 
Қазақтың «қап» дегені Кавказ серік,
Тəңірім, сұлу биік еткен ерек.
Ақырып айдаһардай жүз толғанып,
Тауды бұзып, тас жарған долы Терек.
 
 
Артық нəрсе дүниеде айтпақ үшін,
Деме жұрт тау мен өзен неге керек.
Қолдан келер айла жоқ, жанға рахат,
Хикметін тамаша көрсетер ек.
 
 
Кавказды сұлу қылған Құдай қалап,
Көрген адам кете алмас тамашалап.
Белгілі ер черкестен көп халық бар,
Сол тауда өмір сүрген жанасалап.
 
I
 
Сөйлеймін сол таудағы Дағыстаннан.
Жауменен жалығу жоқ шабысқаннан.
Күні бүгін іркіліп көрген емес,
Бір сөзге қанжар алып қағысқаннан.
 
 
Əдеті ата-мұра баяғыдан,
Айтылар əңгімесі аяғынан.
Қаны қызса қанжарын қайтармайды,
Өзге елдің бұрын сермер таяғынан.
 
II
 
Ақ жиек көкшіл сұрғылт сəуле берген,
Мұнартқан Кавказ буы көтерілген.
Алтын шатыр сəулесі тау басында,
Атырабы мəлім болды талай жерден.
 
 
Бұлбұл құс ұйқысынан көзін ашып,
Түріне гүл бəйшешек таңырқасып,
Күн ыстығы түскенше сермелік деп,
Үнін, жүнін түзетті жабырласып.
 
 
Квинттей үнін түзеп шырқатады,
Көмейін қайырып, толғап ырғатады.
Толғантып тоқсан екі мұң мен зарды,
Тəңірінің берген үнін зырлатады.
 
 
Сайраған құмыр бұлбұл үні шықты
Кемпір қара сəлісін бүркеп тықты
Гүл мен ағаш майысып қарағанда,
Еліріп тік қарайды Кавказ мықты.
 
 
Сөкпе, қалса сөзімнің шалалары,
Кітапта жазған орыс даналары.
Бұрын неше соғыста ойран болған,
Көрінді Дағыстанның қалалары.
 
 
Бұзылған Дағыстанның қу қаласы,
Көрінді қарт Жүсіптің үй-ханасы,
Жүсіп тұр қайғы басқан, үй алдында,
Дүниенің əсер бермей тамашасы.
 
 
Бір қатын үйден шықты қадам басып,
Асығып дегбірі жоқ асып-тасып.
Жүсіп айтты қатынға: – Шақырды ма?
Көрейін жалғызымды болса нəсіп?
 
 
Қатын айтты: – Жалғызың жаман, – дейді,
Əлі ырзалық берген жоқ саған, – деді.
Əкеңді шақырайын дегенімде,
Бір ауыз сөз қатпады маған, – деді.
 
 
Күрсінді сөзін естіп Жүсіп кəрі,
Көзінің жасқа толып кетті бəрі.
Өткен істің қатесі ойға түсіп,
Келді-ау, деп, – Əлгі кемпір қылған зары.
 
 
Екі көзден жас ырғып, ытып кеткен,
Тоқтамай сорағытып əжім беттен.
Жуан, қалың, білектей бурыл мұртқа
Домалап улы жасы барып жеткен.
 
 
Заһира сұлу жалғыздан айырылғанын,
Əлінің арнап қорғап зар қылғанын.
Алдына əкеп тосқандай секілденді,
Орынсыз өмірінде бар қылғанан.
 
 
Жүсіптің қандай істеп өскендігін,
Баяндап, ұқтыруға жаңа келдім,
Неліктен осы қайғы түскендігін.
 
III
 
Тəкаппар Дағыстанда Жүсіп батыр,
Бақыты асып құрбысынан келе жатыр.
Екі сөзді көтермес зор көкірек,
Соқтығысып бұған ешкім тимейді ақыр.
 
 
Аяғынан бастадым сөздің басын,
Ғажайып кəрі Кавказ тау мен тасын,
Басқа түрлі сипатпен білдірейін,
Келісімді келтірген тамашасын.
 
 
Қозғаған жас қуатын мəуелі жаз,
Мақұлық қыбырлаған бəрі де мəз.
Əр жерінен ажалдың иісі шығып,
Суық түспен қарайды кəрі Кавказ.
 
 
Бейне жары, Кавказдың не баласы,
Өрт алғандай таусылып айналасы.
Жасы жеткен, қапалық, қайғы басқан,
Жабырқаңды Жүсіптің жалғыз басы.
 
 
Бұл Жүсіп құрбысынан жасында асқан,
Именіп ешнəрседен емес қашқан.
Отты көз, ер көкірек батыр Жүсіп.
Тік қарап, тура ажалға қарсыласқан.
 
 
Қаймығып тірі жаннан қорықпаған,
Сірə өзінен мықтыға жолықпаған.
Өз бойына өз күші сенімді боп,
Ойласам жазалар деп ұлық маған.
 
 
Мыңнан тізгін тартпаған о да мықты,
Мергендікке өзгеше болып шықты.
Бір кемпірдің жалғызы, аты – Ибраһим,
Ондай адам атпаған бір мылтықты.
 
 
Білімді, қалжыңға ұста, сөзі майда,
Жұрт күлдіріп сөз сөйлер əрбір жайда.
«Басқа пəле тілден» деп, мақал бар ғой,
Кейде залал қалжың сөз, кейде пайда.
 
 
Сол күнгі Дағыстанның əдеті бар,
Бір үлкен той қылады он екі айда.
Кімнің жақсы екенін, кімнің мерген,
Жиылған жұрт сөйлейді осындайда.
 
 
Сол той тағы болғанда жұрт мақтады,
«Бұл елде Ибраһимдей мерген қайда!
Əрі сұлу, əрі есті, əрі мерген,
Қайда барса жақсыға қосылмай ма!?»
 
 
Ибраһим бір сөз айтып қалжыңдапты,
Неғылса қиыстырып мінін тапты.
Тұрпайы тасырлыққа тап келген соң,
Долданып Жүсіп ыза бола қапты.
 
 
Жүсіпке осы қалжың тиді қатты,
Көтермей құрбы сөзін Тəңір атты.
Жұрт ескермес қалжыңын ақ көңіл деп,
Мінезінен тəкаппар соған батты.
 
 
Қатал Жүсіп қалжыңды кек көреді,
Мақтауды өзге алғанын жек көреді.
Ішінен Ибраһимге дұшпан болып,
Буынып улы қанжар кектенеді.
 
 
Сол тойдан жұрт тарады əр тарапқа.
Ибраһим көңілін беріп жүреді аққа.
Ашық күні аң атып қайтайын деп,
Үйден шығып аттанады Кавказ жаққа.
 
 
Жүсіп тағы сол күні аңда жүрді,
Жайылған бір далада арқар көрді.
Шалдыртпай ептеп барып атайын деп,
Қақпа тасты бетке алып келеді енді.
 
 
Байқамай дəрісін көп сасып салды,
Бұғып келіп арқарды басып қалды.
Бір заңғырдың басына, оғы тимей,
Ойнақтап көз ұшына арқар барды.
 
 
Аңға көңіл қоя ма аумасына,
Оқ тимей арқар шықты тау басына.
Ескерусіз Ибраһим жетіп келді,
Жүсіптей қанын ішер жау қасына.
 
 
Мылтықты атайын деп оғын салды,
Ыңғайлап нысанаға, бетіне алды.
Оқ жетпес деп дандайсып тұрған арқар,
Ибраһим тарс қойғанда құлап қалды.
 
 
Жүсіпке айтты қалжыңдап: Батыр саған,
Мендей боп атуыңа келмес шамаң.
Қате атарлық, ей батыр, мен емеспін,
Байлайын арқар болса көрсет маған.
 
 
Қалжыңға шыдамады Жүсіп долы,
Орынсыз кімге жақсы ашу молы?
Байқаусызда, қасына жетіп келіп,
Дəл жүректен жабысты қанжар қолы.
 
 
Бұл дағы қанжар дайын айқаспай ма,
Оныңа болмаймын деп шайқаспай ма?
Қапы болды, білмеді аямасын,
 

Конец ознакомительного фрагмента.

Бесплатно

0 
(0 оценок)

Читать книгу: «Дағыстан»

Установите приложение, чтобы читать эту книгу бесплатно

На этой странице вы можете прочитать онлайн книгу «Дағыстан», автора Ақылбай Абайұлы. Данная книга имеет возрастное ограничение 12+, относится к жанрам: «Cтихи и поэзия», «Зарубежная поэзия».. Книга «Дағыстан» была издана в 2017 году. Приятного чтения!